Алматы маңайында 4 баллдық жер сілкінісі болды

Жарияланды
Business News бөлімінің тілшісі
Таразда тағы жер сілкінді
Фото: ашық дереккөзден

Төтенше жағдай министрлігінің мәліметінше, 10 мамыр күні сағат 20:35-те жер сілкінісі тіркелді.

Зілзаланың эпицентрі – Қазақстан мен Қырғызстан шекарасында, Алматы қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 35 шақырым жерде орналасқан.

Жерасты дүмпулері келесі деңгейде сезілді:

  • Алматы – 2 балл;
  • Қарасай (Қаскелең) – 2 балл;
  • Қарғалы ауылы – 2 балл.

Алматылық тұрғындарға төтенше жағдайлар қызметінен тиісті хабарламалар жіберілді. Осыған дейін 30 сәуірде  Алматыда дабыл қағылып, жер сілкінісінің алдын-алуға бағаттылған оқу-жаттығу шаралары жүргізілген еді.

Сондай-ақ оқыңыз