
Төтенше жағдай министрлігінің мәліметінше, 10 мамыр күні сағат 20:35-те жер сілкінісі тіркелді.
Зілзаланың эпицентрі – Қазақстан мен Қырғызстан шекарасында, Алматы қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 35 шақырым жерде орналасқан.
Жерасты дүмпулері келесі деңгейде сезілді:
- Алматы – 2 балл;
- Қарасай (Қаскелең) – 2 балл;
- Қарғалы ауылы – 2 балл.
Алматылық тұрғындарға төтенше жағдайлар қызметінен тиісті хабарламалар жіберілді. Осыған дейін 30 сәуірде Алматыда дабыл қағылып, жер сілкінісінің алдын-алуға бағаттылған оқу-жаттығу шаралары жүргізілген еді.