Жаңалықтар

Көктемгі және күзгі егін жұмыстарына 700 млрд теңге бөлінеді

Фото: Ауыл шаруашылығы министрлігі е

Көктемгі егіс және күзгі жиын-терін жұмыстарын жүргізуге жалпы 700 млрд теңгеге дейін қаражат бөлінеді. Оның ішінде шамамен 560 млрд теңге нарықтан алынбақшы деп жазылған Ауыл шаруашылық министрлігінің сайтында.

Осы уақытқа дейін 6 100 ауыл шаруашылығы өндірушісі 382,5 млрд теңгеге несие берілді. Әсіресе, Ақмола, Ақтөбе, Алматы, Батыс Қазақстан, Қостанай, Қызылорда, Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстарының әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялары белсенді қатысып жатыр.

Министрлік мәліметінше, несие рәсімдеп, оны өтеуге жүгінуге болатын қаржы институттары көбейді. «Аграрлық несие корпорациясы» жылдық 5% жеңілдетілген сыйақы мөлшерлемесімен «Кең дала 2» бағдарламасы аясында қаржыландыруды жалғастырды.

Неғұрлым көбірек шаруаларды қамту үшін несие сомасының 85%-на дейін кепілдік беріледі. Осы жылы жалпы көлемі 159 млрд теңгенің болатын несиенің 135,2 млрд теңгесіне мемлекет кепіл болған. Бұл кепілдіктерді «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры ұсынады.

Ауыл шаруашылығы техникасын жылдық 5% мөлшерлемемен жеңілдетілген лизингке беру бағдарламасы да жалғасып жатыр. Осы жылы жалпы қаржыландыру лимиті – 200 млрд теңге. Бұл ауыл шаруашылығы өндірушілеріне 6 000-нан астам отандық техниканы сатып алуға мүмкіндік береді.

Бірақ барлық бөлінген қаржы діттеген жеріне жеткен жоқ. Мәселен, осы жылы сәуірде Қарағандыда 339 млн теңге мемлекеттік субсидияны жымқыру ісі бойынша сот үкімі шықты. Ол қаражат «Агроөнеркәсіптік кешенді дамыту» ұлттық жобасы аясында сүт өнімдерінің бағасын арзандатуға бөлінген. Бірақ іс жүзінде шаруа қожалығының мал шаруашылығы базасы жарамсыз болды. Ешқандай сүт өнімдері шығарылмаған.