Үндістан Пәкістан әскері бейбіт халыққа шабуыл жасады деп айыптады

Жарияланды
Business News бөлімінің тілшісі
Фото: Shakil Adil / Reuters

Үндістан Қорғаныс министрлігінің мәлімдеуінше, 10 мамырға қараған түні Пәкістан Джамму мен Кашмир штатындағы тұрғын аудандарға шабуыл жасаған. Мектеп, аурухана тәрізді азаматтық нысандар зардап шекті. Бірақ Үндістан әскері Пәкістанның әуе шабуылын тойтарып үлгерген.

«Қарсы тараптың дрондары дереу әуе шабуылынан қорғану жүйесі арқылы жойылды», – деп жазылған министрлік хабарламасында.

Дели үкіметі Пәкістан қақтығысты ушықтырып, Үндістанның егемендігіне қол сұғуға тырысты деп айыптады. The Times of India басылымының жазуынша, Пәкістан шекара маңына қосымша әскер тартып жатыр, ал Үнді армиясы жоғары әскери дайындық жағдайында тұр.

Екі ел арасындағы қақтығыс сәуірдің 22-нен басталды. Джаммудың үндістандық аумағындағы Пахалгам туристік қаласында болған терактіден 25-тен аса адам қайтыс болды. Осыдан кейін Үндістан билігі шабуылға Пәкістанның қатысы барын мәлімдеп, дипломаттарды елден шығарды

10 мамыр күні Пәкістан Үндістанға қарсы ауқымды әскери операция басталғанын жариялады. The Times of India хабарлауынша, дронмен шабуыл елдің солтүстігіндегі Джамму мен Кашмирден бастап, батыстағы Гуджаратқа дейінгі 26 аймаққа бағытталған.

Сондай-ақ оқыңыз