Қазақстанда 30 жасқа дейінгі әрбір үшінші ер азаматтың банкте депозиті бар

Жарияланды
General News бөлімінің аға тілшісі
Сауалнама 4000 адамды қамтыды, олардың арасында 18 бен 65 жас аралығындағы 2020 ер адам бар /Фото: shutterstock

Елімізде 30 жасқа дейінгі әрбір үшінші ер азаматтың банк депозиті бар. Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры (ҚДКҚ) маркетингтік және әлеуметтанулық зерттеулер институты «Elim»-мен бірлесіп жүргізген әлеуметтанулық зерттеу негізінде қазақстандық ер азаматтардың қаржы мен жинақтарға деген көзқарасын талдады.

Зерттеу барысында 4 000 респондент сұралған, оның ішінде 2 020-сы – 18 бен 65 жас аралығындағы ер адамдар.

Респонденттердің 80%-ы отбасылы, 88%-ының жоғары білімі немесе ғылыми дәрежесі бар.

Мамандықтар мен салалар бойынша

Респонденттердің 37%-ы кәсіпкерлер немесе қызмет көрсету саласында, саудада жұмыс істейді.

  • 22%-ы нақты секторда: өндіріс, көлік, байланыс, құрылыс, ауыл шаруашылығында;
  • 7% – ғылым, білім, мәдениет саласында;
  • 6% – экономистер мен қаржыгерлер;
  • 5% – IT саласының мамандары;
  • 2% – мемлекеттік басқару саласында;
  • 2% – әскери қызметкерлер немесе құқық саласында, оның төрттен бірі – 30 жасқа дейінгі жастар.

Депозиттер қандай мақсатта ашылған (топ-5):

1. Қиын жағдайларға арналған қаржы қоры – 52%;

2. Тұрғын үй немесе көлік сатып алу – 16%;

3. Бизнес ашу – 5%;

4. Пассивті табыс көзін қалыптастыру – 5%;

5. Оқу ақысын төлеу – 4%.

Респонденттердің 45%-ы депозит ашқан кезде пайыздық мөлшерлемеге назар аударатынын көрсеткен. Ал 31%-ы ақшаны шешіп алу және толтыру ыңғайлылығына мән берсе, 29%-ы банктің беделіне қарайды. Респонденттердің 19%-ы үшін ыңғайлы мобильді банкинг маңызды екенін атап өтті.

Сондай-ақ оқыңыз