Жер сілкінісінен кейін Ыстанбұлдағы тұрғын үй бағасы қалай өзгерді

Жарияланды
General News бөлімінің аға тілшісі
Жер сілкінісі қаттырақ сезілген аудандарда бағалар айтарлықтай төмендеген / Фото: russianturkiye.com

23 сәуірде Мәрмәр теңізінде орын алған 6.2 магнитудалы жер сілкінісі Ыстанбұл тұрғындарын алаңдатып қана қоймай, жылжымайтын мүлік нарығына да әсер етті. Афтершоктар (кейінгі дүмпулер) әлі де жалғасып жатыр. Осыған байланысты қаланың кейбір аудандарында тұрғын үй бағасы төмендей бастаса, ал Қара теңіз жағалауындағы, жер сілкінісіне бейім емес аудандарда – керісінше, күрт қымбаттағаны байқалды.

Türkiye Gazetesi басылымының деректеріне сүйенсек, жер сілкінісі қаттырақ сезілген аудандарда бағалар айтарлықтай төмендеп тұрақталған. Олардың қатарында:

* Esenyurt – 26 700 ₺/м²

* Silivri – 37 800 ₺/м²

* Beylikdüzü – 37 100 ₺/м²

* Avcılar – 38 100 ₺/м²

* Küçükçekmece – 43 300 ₺/м²

* Büyükçekmece – 45 000 ₺/м²

Мәрмәр теңізіне жақын Еуропа жағында:

* Zeytinburnu – 60 300 ₺/м²

* Fatih – 38 800 ₺/м²

* Bakırköy – 94 700 ₺/м²

Анатолия (Азия) жағында:

* Kadıköy – 128 900 ₺/м²

* Maltepe – 67 000 ₺/м²

* Kartal – 59 100 ₺/м²

* Pendik – 49 400 ₺/м²

* Tuzla – 51 700 ₺/м²

Ыстанбұлдың Қара теңізге қараған солтүстік аймағы тектоникалық жарылыстардан қашық орналасқан және сейсмикалық тұрғыдан қауіпсіздеу саналатын аудан. Бұл аумақтарда, керісінше тұрғын үй бағасы күрт өскен.

Босфор маңындағы аудандар бұрынғысынша ең қымбат аймақтар қатарында:

* Beşiktaş – 110 800 ₺/м²

* Üsküdar – 83 300 ₺/м²

Сарапшылардың айтуынша, қазір тұрғындар тек ыңғайлылық пен беделге ғана емес, сонымен қатар аймақтың сейсмикалық қауіпсіздігіне де баса назар аудара бастаған. Бұл фактор тұрғын үй бағасына тікелей әсер етуде.

Сондай-ақ оқыңыз