Жаңалықтар

Теңіз кен орнында магнитудасы 4,2 балдық жер сілкінісі болды

Землетрясение недалеко от Алматы зафиксировали в Китае
Алматы маңында да жер сілкінісі тіркелді / Фото: shutterstock

11 мамыр күні сағат 11:44 шамасында Атырау облысындағы мұнай-газ кен орны — Теңіз маңында магнитудасы 4,2 болатын жер сілкінісі тіркелді.

VolcanoDiscovery мәліметінше, эпицентр Атырау облысындағы Қаратон ауылынан оңтүстік-батысқа қарай шамамен 29 шақырым жерде орналасқан. Гипоцентрдің тереңдігі шамамен 10 шақырымды құрады.

Куәгерлердің айтуынша, жерасты дүмпулері бес секундқа дейін созылып, кен орнында сезілген. Көпшілігі дірілді және құрылыстардағы жеңіл шайқалуды байқаған.

Сондай-ақ Ұлттық сейсмологиялық бақылау және зерттеу ғылыми орталығы (ҰСБЗҒО) Астана уақытымен 13:09-да тағы бір жер сілкінісін тіркеді. Жерасты дүмпулерінің ошағы Алматы қаласынан 276 шақырым оңтүстікте, Қытай аумағында орналасқан. Жер сілкінісі 10 шақырым тереңдікте болған.

«2025 жылғы 11 мамырда сағат 13:09-да ТЖМ «ҰСБЗҒО» ЖШС-нің сейсмикалық станциялар желісі жер сілкінісін тіркеді. Эпицентр Алматы қаласынан 276 шақырым оңтүстікте, Қытай аумағында орналасқан», — делінген жарияланған хабарламада.

Жер сілкінісінің энергетикалық класы — 10.7. Магнитудасы (MPV) — 5.0. Дегенмен, есептік баллдық қарқындылық тіркелген жоқ.

Еске салайық, кеше, 10 мамырда Қазақстан мен Қырғызстан шекарасында, Алматы қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 35 шақырым жерде 4 балдық жер сілкінісі тіркелген болатын.