Жаңалықтар

Қуаныш Сұлтанов «Отан» орденімен марапатталды

Қуаныш Сұлтанов
Қуаныш Сұлтанов «Отан» орденімен марапатталды/фото: Ақорда

Тоқаев жарлығымен Қуаныш Сұлтанов «Отан» орденімен наградталды. Бұл туралы Ақорда хабарлады.

«Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен мемлекеттік және қоғамдық қызметтегі айрықша еңбегі үшін Қуаныш Сұлтанов «Отан» орденімен наградталды», – делінген ақпаратта.

Айта кетейік, Қуаныш Сұлтанов әр жылдарын Қазақстанның Қытай, Моңғолия, Вьетнам және Солтүстік Кореядағы төтенше және өкілетті елшісі болған.

2012-2021 жылдары ол Қазақстан парламенті мәжілісінің депутаты болған.

Бұған дейін мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев әскери қызметшілер мен құтқарушыларға, үштік құрылым қызметкерлеріне мемлекеттік наградамен марапаттады