Иран жақтан 44°С-қа дейінгі ыстық ауа ағыны келе жатыр

Жарияланды
General news бөлімінің тілшісі
Иран жақтан 44°С-қа дейінгі ыстық ауа ағыны келе жатыр
Иран жақтан 44°С-қа дейінгі ыстық ауа ағыны келе жатыр/Фото: shutterstock

«Қазгидромет» алдағы күндері елдің басым бөлігінде аптап ыстық болатынын хабарлады.

Оған Иран аумағынан жылы ауа массаларының жылжуы себеп.

Осының әсерінен оңтүстік және орталық облыстарда жауын-шашынсыз ыстық ауа райы орнайды. Ауа температурасы біртіндеп жоғарылап, 15 мамырда күндізгі уақытта оңтүстік өңірлерде +35+44°С, орталықта +35+38°С, Ақмола облысында +30+35°С дейін көтеріледі.

Алайда батыс және солтүстік аймақтарға циклон мен соған байланысты атмосфералық фронттар әсер етіп, жаңбыр, найзағай, кей жерлерде нөсер мен бұршақ жаууы ықтимал.

Оңтүстіктен келген циклон әсерінен Қазақстанның басым бөлігінде бүгін де ауа райы ыстық болды.

«Қазгидромет» бұған дейін мамыр айында орташа деңгейдегі құрғақшылық болатынын болжаған.

Сондай-ақ оқыңыз