Депутат: 34 жылда Қытаймен өзен суы бойынша конвенциямыз жоқ, несіне жалтақтаймыз

Мәжіліс депутаты Ұлықбек Тұмашинов Су және Сыртқы істер министрлігін Қытаймен трансшекаралық өзендер мәселесі бойынша қандай да бір келісім жасалмағыны үшін сынға алды.
Оның айтуынша, үкімет ҚХР-мен су мәселесінде өзінің талаптарын батыл жеткізіп, келісім жасауы керек.
«Бізде ҚХР-мен осы күнге дейін өзендер жайлы мемлекетаралық конвенция жоқ. Басқа мемлекеттермен бар да, Қытаймен жоқ. Оны айтып отырғаным, ҚХР өте үлкен қарқынмен дамып жатқан мемлекет. Шекараның арғы жағындағы Қара Ертістен қара майға, өндіріс орындарына бірнеше канал тартып жатыр. Шекараның арғы бетінде бірнеше су қоймамалары бар. Былтыр біреуі жарылып, суы бізге келді. Бірақ бізде әлі күнге дейін нақты меморандум жоқ. Тәуелсіз ел атанғанымызға 34 жыл болды, неге жалтақтай береміз, неге біз талаптарымызды қоя алмаймыз?» деді ол үкімет сағатында.
Депутат Пәкістан мен Үндістан конликтінде бір ел судың 90 пайызын жауып тастағанын атап өтіп, Су және ирригация және Сыртқы істер министрліктерін мәселеге назар аударуға шақырды.
«Біз ертеңгі күнімізді қалай білеміз… Біздегі үлкен су көлемі Ертістің бойында орналасқан. Ал біз Ресеймен жасалған конвенция бойынша оның суының жартысын ғана қолдана аламыз, қалғаны Солтүстік мұзды мұхитқа кетеді. Неге сол туралы ойламаймыз» деген ол 5 жылдан кейін Астанаға су тапшы болатынын жеткізіп, осындай мәселелерді приоритетке қою керегін айтты.
Су мәселесі талқыланған үкімет сағатында Қазақстан суды ырырап етуден әлемде алдыңғы орындардың бірінде екенін туралы мәлімет таралды. Суды үнемді қолдануға азаматтар да, үкімет те, шаруа қожалықтар да салғырт қарайтын көрінеді.