Жылда су басатын аймақтардағы құрылыстардың тағдыры не болады

Жарияланды
General news бөлімінің тілшісі
Жылда су басатын аймақтардағы құрылыстардың тағдыры не болады
Жылда су басатын аймақтардағы құрылыстардың тағдыры не болады/Фото: shutterstock/ бильд-редактор Ахтам Зиперов

Су қорғау аймақтары мен тасқын қаупі жоғары аймақтарда 1224 елдімекен орналасқан. Мұндай деректі Су және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов мәлім етті.

Су тасқыны қаупі жоғары елдімекендерде 14 мыңнан астам құрылыс бар. Оның 80 %-дан астамы Алматы қаласының маңында орын тепкен.

Үкімет сағатында депутат Ерболат Саурықовтың сауалына жауап берген министр бұл елдімекендерді тасқыннан қорғаудың жалғыз амалы – қадағалау шаралары екенін жеткізді.

Мұндай аймақтардағы құрылыстар жаңа су кодексіне сай, бұрыншыға заңды деп таныла береді.

«Сіздердің қолдауларыңызбен біздегі бассейін инспекцияларына қадағалау функциясы беріліп жатыр. Енді олар кез келген кәсіпорын мен кәсіпкерді су шаруашылық талаптарын қаншалықты орындап отырғанын тексере алады» – деді ол.

Үкімет сағатында министр БҚО-да жылына 5 млрд теңгенің суы құмға сіңіп кетіп жатқанын көтерген депутат Саировтың сұрағына «су құмға сіңсе де, өз жерімізге сіңіп жатыр, оның экологиялық әсері болады» деп ақталған.

Сондай-ақ оқыңыз