Қазақстан мен БАӘ сауда айналымын 1 млрд долларға жеткізбек

Жарияланды
Business News бөлімінің редакторы
Қазақстан мен БАӘ
Қазақстан мен БАӘ сауда айналымы қанша – Коллаж: kursiv.media, бильд редактор Ахтам Зиперов

Қазақстан мен БАӘ сауда айналымын 1 млрд долларға жеткізуді көздеп отыр. Бұл туралы «Қазақстан – БАӘ» бизнес-форумында Сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиев айтты.

12 мамырда Абу-Даби тақ мұрагері шейх Халед бен Мұхаммед бен Заид Әл Нахаянның Қазақстанға ресми сапары аясында Астана халықаралық қаржы орталығында «Қазақстан – БАӘ» бизнес-форумы өтті.

Форумда цифрлық технологиялар, қаржы, урбанистика және «жасыл» экономика салаларындағы өзара ынтымақтастық мәселелері талқыланды. Kazatomprom, QazaqGaz, ERG, Presight AI Kazakhstan және БАӘ-нің алпауыт компаниялары – Masdar мен AMEA Power өз жобаларын таныстырды.

Арабтың G42 тобына кіретін Presight AI Kazakhstan компаниясы жасанды интеллект және цифрлық талдау саласындағы озық шешімдермен айналысады. Бұл компания 2023 жылдан бастап Қазақстанда жұмыс істейді. Ол АХҚО-да тіркелген. Қазір Presight AI Kazakhstan Астанада Smart City зияткерлік платформасын құру, Қазақстандағы алғашқы суперкомпьютерді іске қосу және Alem.AI базасында ахуалдық орталықты ашу жобасын жүзеге асырып жатыр,

Сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиевтің айтуынша, Қазақстан мен Біріккен Араб Әмірліктері арасындағы тауар айналымын 1 миллиард долларға жеткізу – нақты мақсат.

Бұл ретте экспортты әртараптандыру мен жаңа бағыттарда ынтымақтастықты кеңейту басты назарда. Министр Қазақстанның агроөнеркәсіп, металлургия, химия, машина жасау және IT сияқты салаларда айтарлықтай экспорттық әлеуеті бар екенін атап өтті.

Қазір АХҚО-да БАӘ-ден 46 компания тіркелген.

Ресми сапар барысында президент Қасым-Жомарт Тоқаев Абу Дабидің Тақ мұрагерімен кездесіп, келіссөз жүргізген.

Сондай-ақ оқыңыз