Mitsubishi көліктері мен комьпютер: АҚШ елшілігі онлайн аукцион жариялады

Жарияланды
General News бөлімінің тілшісі
АҚШ елшілігі Астанада онлайн аукцион жариялады / фото: shutterstock

АҚШ елшілігі өзінің иелігіндегі қолданыста болған мүліктерін сату мақсатында онлайн аукцион жариялады. Онлайн сауда 2025 жылдың 19 мамырында сағат 09:00-де басталып, 23 мамыр күні сағат 17:00-де аяқталады. Аукцион АҚШ үкіметінің (USG) арнайы платформасы – online-auction.state.gov сайты арқылы өтеді.

Сатылымға кеңсе жиһаздары, контейнер, компьютерлер сонымен қоса Mitsubishi маркалы екі автокөлік қойылды. Бұл аукционға 18 жастан асқан кез келген адам қатыса алады.

Қатысу ережесі:

Алдымен online-auction.state.gov сайтына кіріп, жеке кабинет тіркеу қажет. «Астана, KZ» бөлімін таңдау арқылы ұсынылған лоттармен танысуға және баға ұсынуға болады. Барлық тауарлар «қолданылған күйде» сатылады, қайтару немесе кепілдік қарастырылмаған. Сауда процесі туралы толық ақпарат әр лоттың астында орналасқан «Қалай жұмыс істейді?» бөлімінде берілген. Аукционды ұйымдастырушы тарап кез келген ұсынысты қабылдамауға немесе аукционды тоқтатуға құқылы.

Қосымша сұрақтар бойынша AstanaAuction@state.gov электронды поштасына хабарласуға болады.

Еске сала кетейік, бұған дейін АҚШ консулдығын салу үшін Алматыдан 70 мың шаршы метр жер жалға берілетінін жазған едік.

Сондай-ақ оқыңыз