Алматыда жер сілкінісі сезілді

Жарияланды
General News бөлімінің тілшісі
Каспий теңізінде жер сілкінісі
Алматыда жер сілкінісі / Фото: shutterstock

2025 жылғы 12 мамыр күні Алматы уақытымен сағат 11:38-де жер сілкінісі сезілді. Сейсмологтардың мәліметінше, зілзаланың эпицентрі Қырғызстан аумағында, Алматыдан оңтүстік-шығысқа қарай шамамен 239 шақырым жерде, Нарын қаласынан 81 шақырым жерде тіркелді.

Жер сілкінісінің магнитудасы – 5.0, тереңдігі – 10 км. Алдын ала деректер бойынша, зілзаланы Алматы қаласының тұрғындары да сезді. Қазіргі таңда жер сілкінісінің нақты деректері мен ықтимал әсер аумағы анықталып жатыр.

Еске сала кетейік, бұған дейін 10 мамыр күні Алматы маңында 4 балдық жер сілкінісі сезілген еді.

Сондай-ақ оқыңыз