BMW автобренді хош иіс суын шығарды

Жарияланды 12 Мамыр 2025 12:34

Рауан Мутаир

Рауан Мутаир

General News бөлімінің тілшісі rauan.mutairov01@gmail.com
BMW иіс су
BMW алғашқы парфюмериялық топтамасын таныстырды / фото: BMW.com

Әлемге әйгілі автокөлік бренді BMW хош иістер әлеміне бет бұрып, өзінің алғашқы парфюмериялық топтамасын ұсынды. Жаңа хош иіс желісі италиялық Mavive компаниясымен бірлесіп жасалған.

Топтама екі ерекше иістен тұрады:

  • Bergamood — бергамот, мандарин және қызғылт бұрыш қосылған иіс.
  • Amberness — бергамот, кардамон және мускат шалфейімен басталып, герань, ветивер және ваниль ноталарымен жалғасады. Соңында сандал ағашы, пачули және амброкспен аяқталады.

Флакондары да ерекше стилде: минималистік дизайн, мөлдір әйнек және BМW-ның Мюнхендегі штаб-пәтерінің архитектурасынан шабыт алған цилиндр пішінінде жасалған.

Еске сала кетейік, бұған дейін BМW коллекционерлерге арналған шағын сериялы автокөліктер шығаратыны туралы жазған едік.

Сондай-ақ оқыңыз