Жаңалықтар

Қазақстанның басым бөлігінде аптап ыстық болады

аптап ыстық болады, ауа райы
Қазақстанның басым бөлігінде аптап ыстық болады / фото: архив kursiv.media

«Қазгидромет» РМК 2025 жылғы 12 мамырға арналған ауа райы болжамын жариялады. Ел аумағына Оңтүстіктен келген циклон әсерінен Қазақстанның басым бөлігінде ауа райы ыстық болады деп күтіліп отыр.

Сонымен қатар бірқатар аймақтарда өрт қаупі жоғары болады. Атап айтқанда, Маңғыстау, Қарағанды, Жетісу, Ұлытау, Абай (батыс, солтүстік, оңтүстік), Жамбыл (солтүстік, оңтүстік-шығыс), Түркістан (таулы аудандар), Алматы (солтүстік, батыс), Атырау (оңтүстік, батыс), Ақтөбе (оңтүстік, оңтүстік-шығыс, батыс), Павлодар (оңтүстік жартысы), Қостанай (оңтүстік), Шығыс Қазақстан (солтүстік-батыс, оңтүстік), Ақмола (батыс, оңтүстік, шығыс) облыстарында өрт қаупі жоғары деп болжанып отыр.

Кейбір өңірлерде өрт қаупі тіпті «жоғары» деңгейде болады. Бұл – Қызылорда, Түркістан, Жамбыл (батыс және орталық), Алматы (орталық) және Жетісу облысының батыс аймақтары.

Сонымен қатар Маңғыстау мен Ақтөбе облыстарында 35-38 градусқа дейін қатты ыстық болады деп болжанып отыр.

Айта кетейік, осыған дейін «Қазигидромет» агенттігі елдің бір бөлігінде құрғақшылық болуы мүмкін екендігін хабарлаған.