
13 мамыр күні Samsung компаниясы Galaxy S25 Edge жаңа смартфонын таныстырады.
Samsung Galaxy S25 Edge – жұқа дизайнымен ерекшеленеді. Қалыңдығы небәрі 5,85 мм болатын смартфон 6,7 дюймдік дисплеймен жабдықталған. Samsung бұл модель «камера жағынан бұрын-соңды болмаған сапа ұсынады» деп отыр.
Жаңа құрылғыда Qualcomm Snapdragon 8 Elite чипі, 12 ГБ жедел жад, және 256 не 512 ГБ ішкі жад қарастырылған.
Сондай-ақ құрылғы жасанды интеллект негізінде жұмыс істейтін бірқатар смарт-функциялармен жабдықталады. Galaxy S25 Edge – жұқа дизайн, озық камера және AI мүмкіндіктерін біріктірген болашақтың құрылғысы болмақ.
Айта кетейік, бұған дейін Samsung компаниясы жаңа Galaxy S25, S25+ және S25 Ultra смартфондар сериясын таныстырған еді.