Tele2 неге жұмыс істемей тұр
Жарияланды

11 мамыр күні сағат 21:00-де Tele2 техникалық жұмыстарды бастады. Бұл шаралар желі мен қосымшаның жұмысын жақсарту мақсатында жүргізіліп жатыр. Жұмыстар 12 мамыр күні таңғы 10:00-де аяқталады деп жоспарланып отыр.
Осы уақыт аралығында Tele2 байланысы, интернет қызметі мен мобильді қосымшада уақытша ақаулар болуы мүмкін. Компания тұтынушыларынан барлық қажетті қызметтер мен тарифтерді алдын ала қосып, төлем жүргізуді сұрайды.
Егер интернет қосылымында қиындықтар туындаса, телефонды «ұшақ режиміне» қосып-өшіріп көруге немесе роутерді қайта жүктеуге кеңес беріледі.
Еске сала кетейік, бұған дейін мобильді операторлардың тариф көтеретінін жазған едік.