Қасым-Жомарт Тоқаев Абу Дабидің Тақ мұрагерімен кездесті

Жарияланды
General News бөлімінің тілшісі
Тоқаев Абу даби
Тоқаев Абу Дабидің Тақ мұрагерімен кездесті / фото: akorda.kz

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Абу Дабидің Тақ мұрагері шейх Халед бен Мұхаммед Әл Нахаянмен келіссөз жүргізді. Бұл туралы Ақорда баспасөз хабарлады.

Президент Әмірліктерді еліміздің маңызды серіктестерінің бірі ретінде атап өтті. 2023 жылы Қазақстан мен БАӘ үкіметтері стратегиялық инвестициялық жобаларды іске асыру туралы бірлескен декларацияға қол қойған болатын.

Келіссөз барысында БАӘ Қазақстан экономикасына ең көп қаржы құятын он шетелдік инвестордың қатарына кіретіні айтылды. 2023 жылы Әмірліктердің елімізге құйған инвестиция көлемі екі есе өсіп, рекордтық деңгейге жеткен.

Президент жалпы құны 5 млрд долларды құрайтын 20-дан астам коммерциялық келісімге қол қойылатынын құптады.

Шейх Халед бен Мұхаммед Әл Нахаян көрсетілген қонақжайлық үшін алғысын білдіріп, табиғаты көркем, халқы қонақжай Қазақстанға қуана келетінін жеткізді. Қазақстан мен БАӘ арасындағы байланыстар өзара сенім мен қолдауға негізделгенін атап өтті. Тараптардың ынтымақтастығы бүгінде сауда және инвестициямен ғана шектелмей, энергетика, көлік, цифрландыру мен білім беру салаларын да қамтып отыр.

Еске сала кетейік, бұған дейін БАӘ Жамбыл облысында 1,4 млрд долларға жел электр станциясын салатынын жазған едік.

Сондай-ақ оқыңыз