Іш май өте қауіпті, адам өмірін қысқартады – эндокринолог

Іш май, құрсақ қуысындағы органдар арасындағы жиналатын висцеральды май өте қауіпті. Эндокринологтар осылай дабыл қағып отыр.
Еуропалық медициналық орталық дәрігері Камиля Табееваның пікірінше, бұл адам өміріне тікелей қауіп төндіреді.
Қант диабетінің нышаны
Lenta.ru ақпаратына қарағанда, майдың ағзада шамадан тыс артуы созылмалы ауруға айналып, дертті одан әрі қоздыра түседі. Сонымен қатар жасушалардың инсулинге деген сезімталдығын бұзады.
Эндокринологтың сөзіне қарағанда, бұл екінші дәрежедегі қант диабетінің дамуына әкеліп соғады. Мұнымен бірге, жүрек, инсульт, қатерлі ісік дертінің пайда болу қаупін күшейтеді.
Қауіпті меже қандай?
Дәрігердің кеңесінше, іш майдың бар екенін белдің көлеміне қарап білуге болады. Әйелдердің белі 80 см болуы шарт. Ал ерлердікі 94 см-ден артпауы керек. Бұл көрсеткіштен асса, онда – азғада висцеральды май шамадан тыс артық болғаны. Сондықтан эндокринологтар белдің мөлшеріне мән беруге шақырып отыр.
Беліңіз бұдан 5 сантиметрге артық болса, ерте өлімге де әкеп соғуы ғажап емес. Соңғы зерттеулер осыны нақты дәлелдеп отыр. Артық іш май әйелдерге қауіпті 13%-ға, ерлерде – 17%-ға дейін артырады. Белі 100 сантиметр болатын адамдарға қауіп 50%-ға дейін ұлғайып кетеді.
Не үшін дәрігерге жүгіну қажет?
Сондықтан Табеева күдігі бар адамдар іш майының мөлшерін анықтау үшін дәрігерге жүгінуге кеңес беріп отыр. Эндокринологтар майдың неге жинақталғанын анықтап, онымен қалай күресу қажет екенін көрсетіп береді.
«Артық майдан арылудың кешенді тәсілдері бар. Олар – дұрыс тамақтану, тұрақты жаттығу (ауыр көтеру және кардио) жасау, ұйқыны реттеу, стресс деңгейін төмендету. Десе де, салмақ тастаудың жеке бағдарламасының маңызы өте зор», – дейді дәрігер.
Мұның алдында дәрігерлер коронавирустың неліктен әйелдерге қарағанда ерлерге көбірек жұғатынын айтқан еді.