Жаңалықтар

Польша Варшавадағы алапат өртке қатысы бар деп Ресей дипломаттарын елден қуып шықты

Польша Варшавадағы өртке Мәскеудің қатысы бар деп санайды / Dariusz Borowicz/Agencja Wyborcza.pl/Reuters
Польша Варшавадағы өртке Мәскеудің қатысы бар деп санайды / Dariusz Borowicz/Agencja Wyborcza.pl/Reuters

Польша Варшавадағы алапат өртке қатысы бар деп Ресей дипломаттарын елден қуып шықты. Үш консулдық қызметкеріне персона нон грата жариялады.

Le Monde  ақпаратына қарағанда, Краковтегі консулдықтың үш қызметкерінің Marywilska 44 атты сауда орталығында шыққан өртке қатысы бар деп күдік келтірген. Оқиға 2024 жылы болды. Өрт салдарынан 1400 дүкен орналасқан ғимарат күлге айналған. Польша бұл оқиғаға ресейлік барлаушыларды айыптады.

Елдің премьері Дональд Туск күдіктілердің ұсталғанын, мұның артында ресейлік арнайы қызмет тұрғанын нақты білетінін айтқан болатын.

Бұл туралы Польшаның сыртқы істер министрінің орынбасары Хенрыка Мосциская-Дендыс мәлімдеді. Польша Варшавадағы өртке Мәскеудің қатысы бар деп санайды.

«Бас консульдықтың дипломатиялық қызметкерлері біздің елімізге келмеуі тиіс тұлғалар ретінде танылды», – деп хабарлады ол.

Таңертең Польша СІМ басшысы Радослав Сикорский Краковтегі ресейлік консульдықты жабу туралы шешім қабылдаған.

Бұған дейін Польша мен Түркияның Шымкентте жылыжай салуды көздеп отырғанын жазған едік.