АҚШ пен Қытай 90 күнге баж салығын төмендетуге келісті

Жарияланды
Business News бөлімінің тілшісі
Фото: коллаж KursivMedia, бильд-редактор Ахтам Зиперов

Ақ үй 10–11 мамырда Женевада АҚШ пен Қытай арасында өткен келісімнің егжей-тегжейін жариялады. Бұл туралы Ақ үйдің ресми сайтында жазылған.

Жаңа келісім бойынша, АҚШ Қытайдан келетін тауарларға кедендік баж салығын 30%-ға дейін төмендетпек. Ал Қытай АҚШ-тан импортталатын өнімдерге 10% мөлшерінде тариф енгізеді. Бұл келісім 90 күнге дейін күшінде болады.

Құжатта екі тараптың да кедендік тарифтерін 24 пайыздық тармаққа яғни 10%-ға дейін төмендетуге келіскені айтылған. Алайда, АҚШ қаржы министрі Бессенттің түсіндіруінше, Америка 2 сәуірге дейін енгізілген 20%-дық баж салығын күшінде қалдырады. Бұл шара Қытайдан келетін фентанил есірткісінің АҚШ-қа таралуына қарсы қолданылып отыр. Яғни екі елдің тарифтері өзара тең болған. Бірақ 2 сәуірге дейінгі салық мөлшерлемесін қосса, АҚШ тарифтері 30%-ға дейін жетті.

Бұған дейін екі тарап арнайы брифингте келісімнің сәтті өткенін мәлімдеген еді. Ол нарыққа да жақсы әсер етті. Аз уақытта   доллар және биткоин бағасы көтеріліп, мұнай бағасы тұрақтады

Сондай-ақ оқыңыз