Қазақстан арабтармен бірігіп, суперкомпьютер кешенін салады

Жарияланды
Business News бөлімінің тілшісі
Қазақстанда суперкомпьютер салынады / Фото: shutterstock

Қазақстан мен Біріккен Араб Әмірліктері технология саласындағы әріптестігін нығайтып, құны 250 млн доллар болатын келісімге қол қойды. Бұл жайлы цифрлық даму, инновация және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Жаслан Мәдиев хабарлады.

Бірінші атап өтетін жоба – суперкомпьютер кластері. Аймақта NVIDIA чипінің негізінде жұмыс істейтін үлкен суперкомпютер салынады.

«Аталға суперкомпьютер ЖИ моделін жаттықтыра алады, ЖИ негізінде өнім шығарған стартаптар үшін қажет. Оны зерттеу жұмыстары үшін университеттер де, мемлекеттік ұйымдар да пайдалана алады», – деп атап өтті министр.

Жаңа есептеу қуаты банктер, бизнес және телеком операторлары үшін де қолжетімді болады.

Екінші маңызды бір жоба – деректерді өңдеу орталықтары. Мадиевтің айтуынша, Астанада Smart City Astana жобасын қолдау үшін дата-орталық салынады, қуаты 3 мегаваттқа дейін жетеді. Құрылысы осы жылы басталуы қажет.

Арабтармен ортақ жасалатын тағы бір жоба – Alem AI халықаралық жасанды интеллект орталығында ашылатын жаңа жағдаяттық орталық іске қосылады. Бұл орталық Smart City және AI-driven Government (жасанды интеллект арқылы басқару) жобаларын қолдау үшін жұмыс істейді.

Сондай-ақ оқыңыз