Жаңалықтар

Ұлыбританияда миграцияға қарсы реформалар жарияланды

Ұлыбритания
Фото: ашық дереккөзден

Ұлыбритания премьер-министрі Кир Стармер елге келетін мигранттарды азайтуға бағытталған реформаларды жариялады.

Соңғы жылдары корольдікке келетін мигранттар саны жылына 700 мыңнан асып, рекордтық деңгейге жеткен. Бұл тұрғын үй тапшылығы, Ұлттық денсаулық сақтау жүйесіне (NHS) шамадан тыс жүк түсу және мектептердегі орын жетіспеушілігін туғызып отыр. Халық наразылығы да үдеп барады.

Осыған байланысты үкімет шекараны бақылауда ұстап, елдегі миграцияға қатысты бірқатар заңдарды өзгертті.

Не өзгереді?

  • Ұлыбританияда тұрақты тұруға рұқсат елде бес жыл емес, 10 жыл тұру керек.
  • Ағылшын тіліне қойылатын талаптар күшейтіледі.
  • Шетелден келетін жұмысшыларға арналған жалақы шегі мен кәсіби біліктілік деңгейіне қойылатын талаптар көтеріледі.
  • Шетелдік түлектер оқуын аяқтаған соң елде қалуға рұқсат етілетін мерзім 18 айға қысқарады (қазір бұл мерзім 2–3 жыл).
  • Миграциялық ережелерді бұзған жұмыс берушілер мен университеттерге қаржылық айыппұлдар енгізіледі.

Айта кетейік, бұл жоспарлар күшіне енген жоқ, әлі Парламентте бекітілуі керек.

Ұлыбританияға табысты өмір іздеп баратын қазақстандықтар аз емес. Олардың көпшілігі ауыр жұмыс істейді, бау-бақшада, жылыжайда еңбек етеді. Kursiv.Media Англияда гүл фермасында жұмыс істеп жүрген қазақстандық жігітпен сұхбаттасқан еді. Толығырақ мына жерден оқи аласыз.