Бішкекте көлік аулада жүрген баланы басып кеткен (видео)

Жарияланды
General News бөлімінің тілшісі
Көлік аулада жүрген баланы басып кетті/фото: видеодан скриншот

Бішкекте көлік қағып кеткен 9 жастағы бала жансақтау бөліміне түсті. Бұл туралы жергілікті Vesti.kg хабарлады.

Оқиға Қырғызстан астанасы Бішкекте 10 мамыр кешке Шыңғыс Айтматов даңғылы бойындағы аулалардың бірінде болған. Көлік рөлінде 23 жастағы қыз болған. Ол артқа қарай қозғалған кезде 9 жастағы баланы қағып кеткен. Оқиға кезінде оның жанында ересектеу бала болған, ол қайғылы жағдайдан аман қалған.

Зардап шеккен бала әртүрлі жарақатпен үшінші балалар ауруханасының жансақтау бөліміне жеткізілді. Қала милициясы жол-көлік оқиғасына байланысты тексеру бастады. Ал көлік айыптұраққа қойылды.

Сондай-ақ оқыңыз