
13 мамыр кешке Астанада Абылай хан даңғылы мен Майлин көшесі қиылысында қозғалыс тоқтатылады. Бұған жол төсеміне орташа жөндеу бойынша жұмыстардың жүргізілетіні себеп болды.
«Соған байланысты 13 мамыр сағат 21:00-ден бастап 14 мамыр сағат 07:00-ге дейін қозғалыс толығымен жабылады», – делінген ақпаратта.
Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы соған байланысты қала тұрғындары мен қонақтарына маршрутын алдын ала жоспарлауды сұрады.
Қауіпсіздікті қамтамасыз ету және қолайсыздықты азайту үшін уақытша жол белгілері мен көрсеткіштер орнатылады.