Астанада қойма өртенді
Жарияланды

Астананың Байқоңыр ауданындағы қоймада өрт шықты. Төтенше жағдайлар министрлігінің хабарлауынша, өрт базар аумағындағы ангарлық үлгідегі қоймада шыққан. Өрт сөндірушілер ғимараттың шатырың ашып, жалынды сөндірді.
Өрт орнында өрт сөндіру штабы құрылды. Зардап шеккендер туралы ақпарат 112-ге түспеген.
Өрт орнында жедел штаб құрылып, 3 жауынгерлік учаске жұмыс істеп жатыр. Өртті сөндіруге 6 су оқпаны берілді. Полиция департаментінің қызметкерлері өрт болған жерді қоршады.
Оқиға орнына жеке құрамның 82 адамы және 21 техника жұмылдырылды.
Сағат 18:06-да өрт оқшауланды.