Ақмола облысында бөгет жарылғанына ауыл әкімі кінәлі деп танылды

Жарияланды
General News бөлімінің тілшісі
Қайрат Қожахметов 1,5 жылға сотталды/фото: shutterstock

Ақмола облысы Атбасар аудандық сотында Сергеев ауылдық округінің әкімі Қайрат Қожахметовке қатысты қылмыстық іс қаралды. Іс барысында ол 19 тұрғын үйді су алғанына кінәлі деп танылды, деп хабарлайды KursivMedia.

«Сотта Сергеев ауылдық округінің әкімі міндеттер мен нұсқауларды тиісінше орындамауы салдарынан абайсызда бөгеттің жарылуына жол берген. Бұл Самарка ауылындағы 19 тұрғын үй мен аумақты су басуына әкеп соқты», – делінген ақпаратта.

Су тасқыны салдарынан зардап шеккендерге жергілікті бюджеттен 8 млн теңге төленген. Осылайша, мемлекетке ірі мөлшерде залал келтірген деп танылды.

Қожахметовтің бөгеттегі судың өткізу қабілетін арттыру бойынша шара қабылдамағаны айтылды.

Жаза тағайындау барысында сот Қайрат Қожахметовтің жас балалардың бар екенін жеңілдететін жағдай деп тапты.

Сот үкімімен ол мемлекеттік қызметте лауазымдарды атқару құқығын айыра отырылды, 1 жыл 6 айға бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалды.

Сот актісі заңды күшіне енген жоқ.

Сондай-ақ оқыңыз