Nissan әлем бойынша 20 000 жұмысшысын қысқартып, 7 зауытын жабатын болды

Жарияланды
General news бөлімінің тілшісі
Nissan әлем бойынша 20 000 жұмысшысын қысқартып, 7 зауытын жабатын болды
Nissan әлем бойынша 20 000 жұмысшысын қысқартып, 7 зауытын жабатын болды/Фото: Depositphotos

Жапондық белгілі автокөлік өндірушісі Nissan АҚШ пен Қытайдағы сатылымның төмендеуі мен Honda компаниясымен бірігу бойынша жүрген келіссөз сәтсіз аяқталғаннан кейін 4,5 миллиард доллар шығынға ұшыраған. Осының салдарынан компания жиыны жеті зауытын жауып, әлем бойынша 20 000 қызметкерді қысқарту туралы шешім қабылдаған.

Nissan өндіріс көлемінің төмендеуіне байланысты қосымша 11 000 жұмыс орнын қысқартатынын мәлімдеген. Бұған дейін қараша айында 9 000 қызметкерді қысқартатынын хабарланған. Осылайша, жалпы жұмыс күшінің 15%-ы қысқаратын болып отыр. Қысқарту өндіріс, сату, әкімшілік басқару және ғылыми-зерттеу салаларындағы қызметкерлер мен мердігерлерге әсер етпек.

Құрылымдық өзгерістер нәтижесінде Nissan зауыттарының саны 2027 жылға дейін 17-ден 10-ға дейін қысқарады. Компания осылайша 500 миллиард иен (3.44 миллиард доллар) үнемдеуді көздейді. Сонымен қатар, Nissan жеткізу тізбегін қайта қарап, бөлшектерді аздаған сенімді жеткізушілерден алуға көшу арқылы шығынды азайтпақ ниетте.

2024 жылдың наурыз айының соңында Nissan-ның таза шығыны 4.5 миллиард долларға жеткен. Бұл АҚШ пен Қытай нарықтарындағы сұраныстың төмендеуінен және Дональд Трамп тұсындағы сауда соғысының алғашқы әсерінен туындаған. Сонымен қатар, компания шығынына 60 миллиард долларға бағаланған Honda-пен бірігу бойынша келіссөздің сәтсіз аяқталғаны әсер еткен.

Бұған дейін, Nissan Қытайдағы екінші зауытын жабатынын жазғанбыз.

Кейінгі жылдары бәсекенің жоғарылығына, тұтынушылар кроссоверлер мен электомобильдерді құп көре бастағанына байланысты көптеген седан конвейерден алынып, келмеске кеткен. Олардың қатарында Nissan шығарған бірнеше әйгілі седан бар.

Сондай-ақ оқыңыз