Банк пен қаржы

Тоқаев Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменовтің есебін тыңдады

Тимур Сүлейменов
Фото: Тоқаев Тимур Сүлейменовтың есебін тыңдады / Фото: Ақорда

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен өткен кеңесте Ұлттық банктің 2024 жылы атқарған жұмысы қорытындыланды. Бұл туралы Ақорда хабарлайды.

Жиын барысында Ұлттық банк басшысы Тимур Сүлейменов Президентке елдегі макроэкономикалық жағдай, ақша-несие саясатының негізгі көрсеткіштері, қаржы жүйесінің жалпы жай-күйін баяндаған. Сондай-ақ халықаралық резервтер көлемі, Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры мен Ұлттық қор активтерінің ахуалын айтқан.

Кеңесте Ұлттық банктің жұмысына қатысты бірқатар маңызды мәселелер қаралды. Атап айтқанда, республикалық бюджеттің орындалуы, инфляцияны төмендету жолдары, жаңа ақша-несие саясаты, «Банктер және банк қызметі туралы» заң жобасы талқыланды. Сонымен қатар нақты секторды кредиттеу және алтын-валюта резервтерінің жай-күйі де күн тәртібінде болды.

Бұған дейін Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов мұнай бағасы тым құлдырап кеткен жағдай үшін үкімет Б жоспарын дайындап жатқанын айтқан.