
АҚШ президенті Дональд Трамп Ресей мен Украина арасындағы келіссөзге байланысты 15 мамыр, бейсенбі күні Түркияның Ыстанбұл қаласына бару мүмкіндігін қарастырып жатқанын мәлімдеді. Бұл туралы Reuters хабарлады.
«Мен Ыстанбұлға бару туралы ойландым. Бейсенбі күні қайда болатынымды нақты білмеймін, себебі көптеген кездесулер жоспарланған. Бірақ мен бұл сапарды қарастырып отырмын», — деді Трамп.
Жақын күндері АҚШ президентінің Сауд Арабиясы, Біріккен Араб Әмірліктері және Катар елдеріне ресми сапары жоспарланған. Соған қарамастан, Трамп Түркияға баруды қарастырып отыр.
Бұған дейін Трамп Түркия президенті Ердоғанмен телефон арқылы сөйлесіп, Украинадағы қақтығысты бейбіт жолмен реттеуге бірлесе жұмыс істеуге ниетті екенін өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жазған еді.