Esentai мен Шымбұлақтың үлескері Сержан Жұмаш компаниясының атауын өзгертті

Жарияланды
Курсив газетінің шеф-редакторы
General News бөлімінің тілшісі
коллаж kursiv.media, бильд-редактор: Дастан Шанай
коллаж kursiv.media, бильд-редактор: Дастан Шанай

Алматылық Esentai кешені мен Шымбұлақ тау-шаңғы курортының үлестес иесі ең танымал ЖШС-ының атауын өзгертті.

Әңгіме қазақстандық миллионер Сержан Жұмаш туралы болып отыр. Бұған дейін «Капитал Партнерс Қазақстан компаниясы» деп аталған заңды тұлға енді жаңа атауға ие болды. Бір қызығы, арада бір жарым апта өткен соң, осы бұрынғы атауды Сержан Жұмаш жаңадан тіркелген өзге компаниясына қайта берді.

«Капитал Партнерс Қазақстан компаниясы» ЖШС-ға қатысты соңғы айларда елеулі өзгеріс болған. 2024 жылдың 25 желтоқсанында оның құрылтайшылары Сержан Жұмаш, Еркек Еркан және Оймен Бурак болған. Ал келесі күні 26 желтоқсанда құрылтайшылар құрамына Сержан Жұмашпен бірге Владимир Сарыбеков пен Николай Слажнев енді.

Құрылтайшылар өзгерген соң бірнеше аптадан кейін, 2025 жылдың 9 қаңтарында «Капитал Партнерс Қазақстан компаниясы», Владимир Сарыбековпен бірге, Chimbulak Development ЖШС-нің иесіне айналды. Бұл компания Алматыдағы Шымбұлақ тау-шаңғы курортына иелік етеді.  Шымбұлақтың басқаруын алғаннан кейін, 2025 жылдың 3 сәуірінде компания атауын Ski Resort Development деп өзгертті.

Ал небәрі он екі күннен соң, 2025 жылдың 15 сәуірінде «Капитал Партнерс Қазақстан компаниясы» атауымен жаңа ЖШС тіркелді. Бұл жаңа компанияның құрылтайшылары қатарында Сержан Жұмашпен бірге Владимир Сарыбеков пен Ердоc Қойшыманов бар.

Айта кетсек, Сержан Жұмаш Forbes Kazakhstan басылымының Қазақстан рантьелері рейтингісінде 7-орында тұр. 2024 жылы басылым оның девелоперлік жобалары – Esentai Mall сауда орталығы мен Esentai Tower бизнес орталығы – 8,7 млрд теңге табыс тапқанын жазған. 2020 жылдан бастап рантьелер рейтингінің тұрақты қатысушысы болған Сержан Жұмаш Қазақстанның ең ықпалды әрі ең ауқатты кәсіпкерлерінің қатарына кіреді.

Сондай-ақ оқыңыз