Сайлауға түсіп жатқан үміткерді тікелей эфирде атып өлтірді

Жарияланды
General News бөлімінің тілшісі
Сайлауға түсіп жатқан үміткерге мадақ айтып, шерушілер күліп, ұрандатып бара жатты / фото: De Yesenia Lara Gutiérrez / Facebook
Сайлауға түсіп жатқан үміткерге мадақ айтып, шерушілер күліп, ұрандатып бара жатты / фото: De Yesenia Lara Gutiérrez / Facebook

Сайлауға түсіп, қала мэрі болуды көздеген  мексикалық кандидат-әйелді тікелей эфирде атып өлтірді. Оған қарай жиырма оқ атылған.

СNN ақпаратына қарағанда, оқиға сайлауалды митинг кезінде болған. Шара басталмай жатып, мінбер қанға боялған. Үміткердің жанындағы үш серігі де оққа ұшты.

Митинг Facebook-те тікелей трансляция арқылы көрсетілген. Онда үміткер әйел Есения Лара Гутьеррес тұрғындарға сәлем беріп, жақтастарының ортасында Тексистепека көшісімен кетіп бара жатқан.

Шерушілер күліп, ойнап, cайлауға түсіп жатқан үміткерге мадақ айтып, ұрандатып бара жатты. Сол сәтте кадр сыртынан оқ қарша борайды. Бейнежазбада 20-ға жуық оқ атылғаны байқалады.

Мексика президенті Клаудия Шейнбаум бұл оқиғаға пікір білдіріп, үміткерге қандай мақсатпен шабуыл жасалғаны әзірге белгісіз екенін айтқан.

Мұның алдында әкімдік алдында оқ тиген Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Руслан Берденовтің ауруханадан шыққаны туралы жазған едік.

Сондай-ақ оқыңыз