Талдықорғанда 14 жастағы қызды автобус өткелде басып кетті (видео)

Жарияланды
General News бөлімінің тілшісі
Иллюстрациялық фото-сурет / KursivMedia мұрағаты
Иллюстрациялық фото-сурет / KursivMedia мұрағаты

Талдықорғанда оқушы қызды автобус мектеп маңында басып кетті. Полиция жол көлік оқиғасы бойынша қылмыстық іс қозғады.

«Талдықорған қаласының полиция басқармасы Абай-Қабанбай батыр көшесінің қиылысындағы жол көлік оқиғасы дерегі бойынша қылмыстық іс қозғады. Алдын ала мәлімет бойынша, автобус жүргізушісі жаяулар өткелінде басып кеткен», – деп хабарлады полиция басқармасы.

Жас қыз тіл тартпай кеткен. Күдікті қамауға алынып, тергеу жүргізіліп жатыр.

«Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы Есіл – Арқалық учаскесіндегі теміржол өткелінде пойыз бен трактор соқтығысып, тракторшы қаза тапқанын хабарлаған еді.

Сондай-ақ оқыңыз