
Токиода домбыраны күмбірлеткен жапон жігіті Жапониядағы қазақ жігітін қатты таңырқатты. Қазақстандықтар да қошемет көрсетуде.
Оны Күн Шығыс елінде жұмыс істеп жүрген қазақстандық азамат кездейсоқ көшеде жолықтырған.
Қазақ жігіт жапонның домбыраны керемет тартатына таң қалып, қайдан үйренгенін сұраған.
Домбыраны күмбірлеткен музыкант кәсіби маман екен. Алғаш Ыстамбұлда қазақ азаматынан үйренгенін, кейін Құрманғазы атындағы консерватория түлегімен жұмыс істеп, өз бетінше дамытқанын айтқан.
Жапония астанасы Токио көшесінде домбырамен күй орындаған жапон жігітінің видеосы әлеуметтік желіде таралып, жұртты сүйсіндірді.
«Әй мынау тегін емес, ата тегінде бір қазақ болған ау!», «Домбырасының даусы да керемет екен» деп сүйініп жатыр.
Мұның алдында Жапонияның экономика министрі тарифтер бойынша келісу үшін АҚШ-қа бара жатқанын жазған едік.