Жерар Депардьеге үкім шықты

Жарияланды
General News бөлімінің тілшісі
Жерар Депардье үстінен тағы төрт әйел шағымданып отыр / Фото: Alexis Sciard | Scanpix
Жерар Депардье үстінен тағы төрт әйел шағымданып отыр / Фото: Alexis Sciard | Scanpix

Жерар Депардьеге зорлық жасағаны үшін он сегіз айға шартты түрде бас бостандығынан айыруға үкім шықты.  

Le monde ақпаратына қарағанда, оқиға «Көк бұлттар» фильмінің түсірілімі кезінде болған. 2021 жылы екі әйелді зорлаған көрінеді.

Бұл аз болса, сот барысында 2007 – 2015 жылдар аралығында жәбірленушілерден өзге, тағы да 4 әйел танымал актердің зорлағанын айтқан.  

Францияның қылмыстық соты оны сексуалды сипаттағы қылмыс жасағандардың тізіміне енгізуге де қаулы шығарды.

Алайда Жерар Депардье тағылған айыптарды мойындамай отыр. Актердің адвокаты аппелляцияға шағымданатынын айтты.

Жерар Депардье қазір Португалияда. Режиссер Фанни Арданның фильміне түсіп жатыр. Сот отырысына келмеген.  

Мұның алдында Жерар Депардьеге қатысты сот процесі басталғаны туралы хабарлаған едік.

Сондай-ақ оқыңыз