«Бәйтерек» холдингі кезекті бір активін сатып жіберді

«Бәйтерек» холдингі «АқмолаАгро-1» компаниясындағы 49% үлесті сатып жіберді. Бұл жайлы қаржы ұйымы Қазақстан қор биржасына (KASE) хабарлады.
«АқмолаАгро-1» дәнді және бұршақ тұқымдас дақылдарды өсірумен айналысады. Енді компанияның жалғыз құрылтайшысы Болат Кабиевке тиесілі «Запорожье-Агро» болды. Бұған дейін кәсіпорын «АқмолаАгро-1» компаниясын «Бәйтерекпен» бірге иеленген еді.
Осыдан кейін «Бәйтерек» холдингінің құрамында 10%-дан жоғары үлесі бар жеті еншілес ұйым қалды:
– Қазақстан Даму Банкі (100%),
– Qazaqstan Investment Corporation (100%),
– Отбасы банк (100%),
– «Қазақстандық тұрғын үй компаниясы» (100%),
– «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры (100%),
– «Қазақстанның экспорттық-кредиттік агенттігі» (100%),
– «Аграрлық несие корпорациясы» (100%).
«АқмолаАгро-1» «Бәйтерекке» 2024 жылы қарашада өткен. Осымен бірге «ТайыншаЖер Плюс», қараша айында «Авантюрин» және Qarqyn Group. компаниясындағы 49% үлесті сатып алған еді.
Былтырғы есеп бойынша, «Бәйтерек» холдингі 416 млрд теңге таза пайда тапты. Активтері 14,1 трлн теңгеге дейін өсті.