CNPC мен Энергетика министрлігі «Маңғыстаумұнайгаз» бойынша келіссөз жүргізіп жатыр

Жарияланды
Business News бөлімінің тілшісі
Фото: коллаж KursivMedia, бильд-редактор Ахтам Зиперов

Қытайлық CNPC корпорациясы мен Қазақстанның Энергетика министрлігі «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ-ның жер қойнауын пайдалану келісімін ұзарту мәселесін талқылап жатыр. Бұл жайлы сарапшы Олег Червинский «Нефть и газ» телеграм арнасында жазады.

CNPC мен «ҚазМұнайГаз» «Маңғыстаумұнайгаз» компаниясын 50/50 үлеспен тең басқарады. Ең алғаш екі тарап 1998 жылы 17 қаңтарда келісімге келген. Ол шарт 2028 жылға дейін жарамды, сол жыл соңында күшін жояды.

2023 жылы жазда екі жақ «Маңғыстаумұнайгазға» қатысты келісімді кемінде 20 жылға ұзартамыз деген ниетін растаған еді.

«Алайда ұзартудың басты шарты — CNPC министрлікпен келісілген бір немесе бірнеше жоғары экономикалық тиімді жобаға инвестиция салуға міндеттеме алуы тиіс. Қазіргі уақытта осы жобалар талқыланып жатыр», – деп жазылған телеграм-арнада.

«Маңғыстаумұнайгаз» АҚ – 2023 жылы ең көп дивиденд төлеген компаниялар қатарына кірді. Осы жылы сәуірде экологиядағы талаптарды бұзғаны үшін 32,2 млрд теңге айыппұл салған.

Сондай-ақ оқыңыз