Жаңалықтар

Қостанайдағы Allur зауытында Jetour X70 Plus моделі шығарылады

Фото: Allur

Қостанай облысында Allur зауытындағы Jetour X70 Plus моделі шығарыла бастайды. Өнеркәсіп және құрылыс министрлі Ерсайын Нағаспаев өндіріс ошағына барып, аралап көрді.

Jetour X70 Plus көлігі толығымен қазақстандық зауытта жиналады. Дәнекерлеу, бояу да қатар жүргізіледі. Осы арқылы өндірісті жергіліктендіріп, қазақстандық мамандарды көлік құрастырудың барлық кезеңіне белсенді тартуға көмектеседі.

X70 Plus – Jetour брендінің Allur зауытында шығарып жатқан бірінші моделі. Жылына 15 мың көлік шығаруды жоспарлап отыр. Шамамен 1000-ға жуық қызметкер жобаға тартылады.

Қазір Қостанайдағы Allur зауытында жылына 3500 адам 125 мың автокөлік шығарады. Жалпы қызметкерлер саны 5000-нан асады. Қазақстанда өндірілетін көліктердің 61%-ы Allur-ға тиесілі.

Фото: Allur

Jetour – осы жылдың бірінші тоқсаны бойынша Қазақстанда ең көп сатылатын қытайлық көліктердің бірі атанған. Hyundai, Chevrolet, Kia тәрізді маркалардан кейін сатылым жағынан төртінші орынға тұрақтады.

Сапар барысында Ерсайын Нағаспаев индустриялық аймақта орналасқан, құрылысы жүріп жатқан Kia автокөліктерін шығаратын зауытқа, KamLitKZ кәсіпорнына, TEHNOPARK шағын өнеркәсіп аймағына, AGROMASH зауытына және Қостанай автомобиль көлігі колледжіне барды.