Қазақстанда iPhone күрт қымбаттауы мүмкін

Жарияланды
General News бөлімінің аға тілшісі
Бағаның өсуі ең алдымен iPhone Pro және Pro Max секілді флагмандық модельдерге қатысты болады деп күтілуде / Фото: kursiv.media архиві

Apple биыл күзге жоспарлаған жаңа iPhone модельдерінің бағасын көтеру мүмкіндігін қарастырып жатыр.

The Wall Street Journal басылымының хабарлауынша, қымбаттатудың негізгі себебі – АҚШ-тың Қытайда жасалған смартфондарға салынған 20%-дық импорттық баж салығының күшінде қалуы. Бұл салықтар Дональд Трамп президент болған уақытта Қытаймен сауда соғысы барысында енгізілген еді. Соңғы келіссөздер кезінде қандай да бір жеңілдіктер жасалғанымен, смартфондарға қатысты тарифтер өзгеріссіз қалды. Осыған байланысты Apple шығындарды өтеудің жолдарын іздеуге мәжбүр.

iPhone-ның қандай модельдері қымбаттайды

Apple iPhone құнының өсуін сауда шектеулерімен байланыстыруды жоспарламайды. Инсайдерлердің айтуынша, керісінше, Apple жаңа iPhone модельдеріндегі инновациялық функцияларды, жетілдірілген дизайн мен өнімділікті алға тартпақ.

Бағаның өсуі ең алдымен iPhone Pro және Pro Max секілді флагмандық модельдерге қатысты болады деп күтілуде. Бұл құрылғылар әлі де Қытайдағы зауыттарда жиналады.

Бүгінде, Apple жеткізу тізбегін әртараптандыруды бастап кеткен. Компания өндірістік қуаттың бір бөлігін Үндістанға ауыстырып жатыр. Алайда қазіргі уақытта Қытай жоғары санатты құрылғыларға арналған компоненттерді жинақтау мен жеткізудің негізгі орталығы болып отыр.

Сарапшылардың болжамынша, АҚШ нарығын толықтай Үндістандағы өндіріс есебінен қамтамасыз ету 2026–2027 жылдарға дейін мүмкін болмайды.

Apple компаниясының бас директоры Тим Кук инвесторларды алдағы тоқсанда сауда баж салығы компанияға қосымша 900 млн доллар шығын әкелетінін ескертті. Ол сондай-ақ өндірістің бір бөлігін АҚШ-қа көшіру жоспары бар екенін растады. Алайда жергілікті өндірісті жолға қою шығындарына байланысты бұл процесс бірнеше жылға созылуы мүмкін екенін айтады.

iPhone жаңалықтары

Енді Apple Watch көмегімен жүрек қағысын бағамдап, тіпті ЭКГ жазуға болады. Денсаулық сақтау министрлігі мен Apple өкілдері келіссөз жүргізді. Соның арқасында маңызды цифрлы қызметтерге жол ашылды.

Енді тіл білмесеңіз де, шетел азаматымен шынайы өмірде еркін сөйлесе аласыз. Apple Inc. екеуара әңгімені бірден тікелей аударатын AirPods жаңа функциясын енгізгелі жатыр

Сондай-ақ оқыңыз