
Фото: kursiv.media архиві
Энергетика министрі Ерлан Ақкенженов биыл шаруаларға дизель отыны қаншадан беріліп жатқанын мәлім етті.
Ведомство басшысы биылғы 1 ақпан мен 30 маусым аралығында 2025 жылғы көктемгі егіс жұмыстарына 400, 9 мың тонна дизель отынын жеткізу кестесін бекіткенін атап өтті.
«Дизель отынының бағасы – 1 литрі үшін қосылған құн салығымен бірге 254 теңге, бұл жанармай құю станциясының бөлшек сауда бағасынан шамамен 20%-ға арзан (1 литрі үшін 301-307 теңге)», –деп мәлімдеді Ақкенженов Үкімет отырысында.
Сондай-ақ министр, дизель отыны қозғалысының ашықтығы мен бақылауын қамтамасыз ету үшін қандай шаралар қабылданғанын айтты:
- жеке ПИН-кодтар алынды;
- дизель отынын сары, көк және қызыл түстерге боялды;
- электронды шот-фактура жүйесіне дизель отыны үшін бөлек вируалды қойма құрылды.
Айта кетейік, биыл көктемгі егіс және күзгі жиын-терін жұмыстарын жүргізуге шаруаларға жалпы 700 млрд теңгеге дейін қаражат бөлінеді. Оның ішінде шамамен 560 млрд теңге нарықтан алынбақшы.