Жаңалықтар

«Ренжулі емеспін». Ұлыбританияда ер адам 38 жыл бойы түрмеде жазықсыз отырған

"Ренжулі емеспін". Ұлыбританияда ер адам 38 жыл бойы түрмеде жазықсыз отырған
«Ренжулі емеспін». Ұлыбританияда ер адам 38 жыл бойы түрмеде жазықсыз отырған/Фото: MERSEYSIDE POLICE/ВВС

Ұлыбританияда 68 жастағы Питер Салливан 38 жылын түрмеде өткізіп, ақыры ақталып шықты.

Ол 1987 жылы Диана Синдалл есімді бармен қызды зорлап, өлтірді деген айыппен сотталған. Алайда 2024 жылы шауқатқа жүргізілген ДНҚ сараптамасы оның кінәсіз екенін дәлелдеген.

Сот шешімі Лондондағы Апелляциялық сотта жария етіліп, оны естіген Салливан жылап жіберген. 40 жылын қапаста өткізген ол тергеу кезіндегі әділетсіздікке қарамастан, еш реніш білдірмейтінін айтқан. Оның адвокаты Салливанның: «Мен ашулы да, ренжулі де емеспін. Құдай куә, шындық адамды босатады», – деген сөзін жеткізген.

Салливан – Ұлыбритания тарихындағы ең ұзақ жазықсыз қамалған адам. Құрбаны Диана Синдалл 1986 жылы жұмысынан қайтып келе жатқанда жоғалып, келесі күні зорлық белгілерімен табылған. Сол кездегі технологиялар күдіктінің нақты кім екенін анықтай алмаған.

Тек жақында жаңартылған ДНҚ сараптамасы қылмыскер Салливан емес екенін анықтаған. Аппеляцияға айыптаушы тарап та қарсылық білдірмеді, себебі қазіргі дәлелдермен Салливанның сотталуы мүмкін емес еді.

Мерсисайд полициясы істі қайта тергеп жатыр. Қазірге дейін 260-тан астам ер адам тергелгенімен, кінәлі тұлға табылмаған.

40 жылға жуық уақыт түрмеде отырған Салливан заманның адам танымастай өзгеріп кеткенінен хабарсыз. Енді оны жаңа өмір күтіп тұр.