
Қазақстанда мұнай өңдеу көлемі 11 пайызға жуық өсті Бұл туралы Энергетика министрлігі хабарлайды.
Министрлік 2025 жылдың қаңтар–сәуір айларында еліміздегі ірі мұнай өңдеу зауыттарының жұмысына шолу жасап, негізгі көрсеткіштерді жариялады.
Аталған кезеңде үш ірі зауытта 6,1 млн тоннаға жуық мұнай өңделген. Бұл өткен жылдың осындай мерзімімен салыстырғанда 10,8%-ға артық.
Мұнай өңдеу көлемінің артуы сұранысқа ие отын түрлерінің өндірісін ұлғайтуға ықпал етті. Атап айтқанда, автокөлік бензинінің көлемі бір жылда 25,4%-ға өсіп, 2,08 млн тоннаға жетті.
Дизель отынының өндірісі 18,9%-ға артып, 1,92 млн тоннаны құрады. Ал авиациялық керосин 5,3%-ға көбейіп, 255 мың тонна көлемінде өндірілді.