«Даму» қорының жарғылық капиталы 65 млрд теңгеге артады

Жарияланды
Business News бөлімінің редакторы
"Даму" қоры
«Даму» қорының жарғылық капиталы өседі / Фото; ашық дереккөз, бильд-редактор Ахтам Зиперов

«Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қорының жарғылық капиталын 65,4 млрд теңгеге ұлғайтады. Бұл туралы Директорлар кеңесінің тиісті шешімі жарияланды.

Құжатқа сәйкес, 50 000 қарапайым акцияның әрқайсысы 1 308 608 теңгеден орналастырылмақ. Жалпы сома — 65 430 400 000 теңге. Акцияларды сатып алу құқығы «Даму» қорының жалғыз акционері – «Бәйтерек» холдингіне тиесілі.

Биыл қор шағын және орта бизнеске жеңілдікпен несие беру көлемін 750 млрд теңгеге дейін көбейтпекші. Бұл 2024 жылмен салыстырғанда 3 еседей артық. 2025 жылғы 1 тоқсанда 755 кәсіпкерге 53 млрд теңге берілді.

«Даму» қоры -«Бәйтерек» басқарушы холдингінің еншілес ұйымы. 100 пайыз акциясы холдингке тиесілі.

Сондай-ақ оқыңыз