
«Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қорының жарғылық капиталын 65,4 млрд теңгеге ұлғайтады. Бұл туралы Директорлар кеңесінің тиісті шешімі жарияланды.
Құжатқа сәйкес, 50 000 қарапайым акцияның әрқайсысы 1 308 608 теңгеден орналастырылмақ. Жалпы сома — 65 430 400 000 теңге. Акцияларды сатып алу құқығы «Даму» қорының жалғыз акционері – «Бәйтерек» холдингіне тиесілі.
Биыл қор шағын және орта бизнеске жеңілдікпен несие беру көлемін 750 млрд теңгеге дейін көбейтпекші. Бұл 2024 жылмен салыстырғанда 3 еседей артық. 2025 жылғы 1 тоқсанда 755 кәсіпкерге 53 млрд теңге берілді.
«Даму» қоры -«Бәйтерек» басқарушы холдингінің еншілес ұйымы. 100 пайыз акциясы холдингке тиесілі.