Жаңалықтар

Алаяқтар «Самұрық-Энергодан» 8,5 млрд теңгені жымқырған

"Самұрық-Энерго"
Фото: shutterstock.

Астананың қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық соты аса ірі көлемдегі алаяқтық ісі бойынша айыпталған күдіктілерге қатысты үкім шығарды. Олар «Самұрық-Энергоның» еншілес компаниясынан 8,5 млрд теңгеден астам қаржыны жымқырған.

2020 жылдан 2022 жылға дейін олар тағы бір адаммен бірігіп, Ерейментауда қуаты 50 МВт болатын жел электр станциясын салуға бөлінген қаражатты жалған келісімшарттар арқылы өздеріне бағынысты компаниялар арқылы шығарып отырған.

Соттың мәліметінше, 2021 жылдың қазанында Б. есімді сотталушы бір компаниямен трансформаторлық подстанцияларды жеткізу туралы келісім жасаған, алайда өз міндетін орындамаған. Соның салдарынан аталған компания 157 миллион теңгеден астам шығынға батты.

Сот барысында куәгерлер мен жәбірленушілердің сөздері, банк құжаттары және басқа да дәлелдер арқылы айыпталушылардың кінәсі толық дәлелденді. Сонымен қатар сот айыпталушылардың бірінің екі баласы барын және бұрын сотты болмағанын да ескерді.

Сот шешімі бойынша, біріншісі 8 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылып, оған берілген «Құрмет» ордені қайтып алынды. Ал екіншісі 6 жыл 8 айға сотталды.

Сот сонымен қатар «Ereymentau Wind Power» компаниясының талап-арызын ішінара қанағаттандырып, 8,5 млрд теңге және 3 млн теңге сот шығындарын өндіріп алуға шешім шығарды.

Күні кеше Жоғары аудиторлық тапалата «Самұрық-Энерго» компанияс 200 млрд теңгені тиімсіз жұмсағанын мәлімдеген. Сонымен қатар, алдағы уақытта қолға алатын жобларыныі сәтті жүзеге асатынына күмән келтірген.