Қазақстан экономикасы 2025 жылдағы мақсатына жете ме

Қазақстан үкіметі 2025 жылға жоспарланған жалпы ішкі өнімнің (ЖІӨ) 5,6% өсіміне жете алмайды. Экономика тек 5,3%-ға ғана өседі. Halyk Finance сарапшылар осылай деп есептейді.
Оған себеп ретінде қатаң ақша-несие саясаты, мұнай бағасының төмендеуі және сыртқы нарықтардағы тұрақсыздықты атап көрсетеді.
«Біздің 2025 жылға ЖІӨ өсімі жөніндегі болжамымыз – 5,3%. Негізгі қозғаушы факторлар: Теңіз кен орнын кеңейту жобасының толық іске қосылуы аясында мұнай өндіру көлемінің өсуі және ірі инфрақұрылымдық жобаларды, соның ішінде бюджет шығындары мен Ұлттық қор трансферттері есебінен жүзеге асыру», – деп жазылған Halyk finance есебінде.
Halyk Finance өз болжамын мұнайдың орташа жылдық бағасы 70 доллар болады деген есепке сүйене отырып жасаған. Алайда қазір Brent маркалы мұнайдың бағасы 66 долларда төмен саудаланып жатыр.
Ұлттық экономика министрлігінің мәліметінше, жыл басынан бері Қазақстан экономикасы 6%-ға өскен. 2023 жылы мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ЖІӨ 6%-ға өсу керек деген тапсырма қойған еді.
Бірақ Еуропалық қайта құру және даму банкі биыл елдің ұйымы экономикалық өсім 4,9%-ды ғана құрайды деп болжады. Келесі жылы ЖІӨ деңгейінде қалады деп есептейді.