Ресей мен Украина арасындағы келіссөзге АҚШ делегациясын Марко Рубио бастап барады

Жарияланды
General News бөлімінің тілшісі
Марко Рубио
Ыстанбұлдағы келіссөзге АҚШ атынан Марко Рубио барады / фото: AP

АҚШ президенті Дональд Трамптың мәліметінше, 15 мамыр күні Түркияның Ыстанбұл қаласында өтуі тиіс Ресей мен Украина арасындағы келіссөздерге АҚШ делегациясы да қатыспақ. Трамп бұл туралы Сауд Арабиясына жасаған сапары барысында мәлімдеді.

«Бейсенбі күні келіссөздер сәтті өтеді деп үміттенемін. Біздің өкілдер де сол жерге барады», — деді Трамп.

Президенттің айтуынша, АҚШ делегациясының құрамында Мемлекеттік хатшы Марко Рубио болады.

Айта кетейік, Зеленский мен Путин 15 мамыр күні келіссөз жүргізуге келіскен еді. Бұған дейін АҚШ президенті Ыстанбұлға Ресей мен Украина арасындағы келіссөзге баруды қарастырған еді.

Сондай-ақ оқыңыз