Путин Украинамен келіссөзге бармайтын болды

Жарияланды
General News бөлімінің тілшісі
Путин
Путин Украинамен келіссөзге бармайтын болды / фото: reuters

Ресей президенті Владимир Путин 15 мамырда Ыстанбұлда өтетін Украинамен келіссөзге қатыспайды. Ресей делегация құрамында сыртқы істер министрі Сергей Лавров пен президенттің көмекшісі Юрий Ушаков қатысады. Бұл туралы The Washington Post басылымына Кремльдің бұрынғы жоғары лауазымды шенеунігі хабарлаған.

АҚШ басылымының дерегінше, Ресей президенті Владимир Путиннің Ыстанбұлға бару жоспарында жоқ.

Бұған дейін ресейлік «Комсомольская правда» газеті Лавров пен Ушаковтың делегацияны бастап баратынын жазғанымен, материалды көп ұзамай өшіріп тастаған еді.

Украина президенті Владимир Зеленский келіссөздерге Ресей президенті Владимир Путин қатысқан жағдайда ғана өзі де қатысатынын мәлімдеген еді. Сондай-ақ, Зеленский бұл келіссөзге АҚШ президенті Дональд Трамп қатысқанын да қалаған еді.

Алайда АҚШ атынан да Трамптың өзі емес, мемлекеттік хатшы Марко Рубио қатысады.

Сондай-ақ оқыңыз