Туристер ең көп алданып қалатын қалалар белгілі болды

Жарияланды
General News бөлімінің тілшісі
Мошенник
Туристер ең көп алданып қалатын қалалар белгілі болды / фото: shutterstock

Mastercard экономикалық институтының Travel Trends 2025 есебіне сәйкес, туристерді ең жиі алдайтын қалалар қатарына Канкун (Мексика), Ханой (Вьетнам), Дакка (Бангладеш) және Бангкок (Таиланд) енген.

Ал ең қауіпсіз саналатын, алаяқтық деңгейі төмен қалалар ретінде Сан-Франциско (АҚШ), Дублин (Ирландия), Сеул (Оңтүстік Корея), Будапешт (Венгрия) және Эдинбург (Шотландия) аталды.

Зерттеу деректеріне сүйенсек, алаяқтар туристер көп келетін жоғары маусымда (әсіресе жылы мезгілде) ерекше белсенді бола түседі. Жазда мұндай жағдайлар 18%-ға, ал қыс мезгілінде 30%-ға дейін артады.

Туристерді қалай алдайды?

Алаяқтық көбіне саяхат жоспарлау кезеңінде жасалады. 2024 жылы бұл көрсеткіш 2023 жылмен салыстырғанда 12%-ға өскен. Көпшілік жиі баратын, танымал бағыттарда қауіп те көп болады.

Кең таралған схемалар:

  • жалған пәтер суреттері;
  • жалған жалға беру туралы хабарландырулар;
  • броньды растау үшін сілтеме жіберіп алдау;
  • жалған жеңілдіктер ұсыну;
  • фейк туристік агенттіктер.

Қай жерде неге алданады?

  • Канкун, Дели, Барселона, Гонконг – турфирмалар арқылы;
  • Пхукет пен Анталья – қонақүй брондау кезінде;
  • Эр-Рияд, Манила және Лос-Анджелес – кафе мен мейрамханаларда.

Сарапшылар туристерге тек ресми көздерге сенуді, броньдар мен төлемдерді тексерілген платформалар арқылы жүргізуді және күмәнді ұсыныстардан сақ болуды ескертеді.

Бұған дейін, қымбат елдерде арзан саяхаттауға көмектесетін лайфхактарды жазған едік.

Сондай-ақ оқыңыз